Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Дүниенің доп дүбірі

0 190

Әлемдік додаға 25 күн қалды

Биылғы жазда Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатының өз жалауын көтеретін шағы күн санап жақындап келеді. Оның межелі мерзіміне қазір бір айдан да аз уақыт қалды.  Ол 14 маусым күні Мәскеудегі «Лужники» стадионында жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де басталады. Жаһанның XXI біріншілігінің турнир иелері – Ресей командасы мен Сауд Арабиясы құрамасы ашып береді.

Чемпионаттың финалдық бөлігіне қатысатын 32 команда­ның топтық турнирдегі құрамы 2017 жылғы 1 желтоқсанда Мәскеудегі Кремль сарайында өткен жеребе тартудың қоры­тын­дысында анықталды.

А тобы: Ресей, Уругвай, Египет, Сауд Арабиясы;

B тобы: Португалия, Испания, Иран, Марокко;

C тобы: Франция, Перу, Дания, Австралия;

D тобы: Аргентина, Хорватия, Исландия, Нигерия;

E тобы: Бразилия, Швейцария, Коста-Рика, Сербия;

F тобы: Германия, Мексика, Швеция, Корея;

G тобы: Бельгия, Англия, Тунис, Панама;

H тобы: Польша, Колумбия, Сенегал, Жапония.

Чемпионат 15 шілдеге дейін созылады. Ол Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Төменгі Новгород, Қазан, Самара, Дондағы Ростов, Волгоград, Саранск, Калининград, Сочи секілді 11 қаласының 12 стадионында ойналады.

Аламанның алғашқы күндері мына жасақтар алаңға шығады: 15 маусым. Египет – Уругвай, Марокко – Иран, Португалия – Испания. 16 маусым. Франция – Австралия, Аргентина – Исландия, Перу – Дания, Хорватия – Нигерия.

Стадиондар сақадай сай

Бүгінде мундиал ойындары өтетін барлық 12 стадион чемпионатты қабылдауға бес қаруы түгел қалпында әзір тұр. Солардың алғашқы төртеуі – Мәскеудегі «Спартак», «Қазан Арена»», «Санкт-Петербург» және Сочидегі «Фишт» стадиондары 2017 жылы ФИФА Конфедерация кубогы ойындарын өткізіп үлгерді.

Чемпионаттың басты нысаны – «Лужники» биылғы қыста арнайы технологиямен жасыл шөптерінің түптерін қатайтып шықты. Қалған қалаларда да тиісті нысандар доп додасына барынша мұқият дайындалып жатыр. Мәселен, «Волгоград Арена» төбесін жабатын шатырды талапқа сай етіп құрас­тырып бітті. Ал «Екатеринбург Аренада» алаңға кондиционер жүйесі орнатылды.

64 матчқа – 36 арбитр

Чемпионатта барлығы 64 ойын ойналады. Оларға 36 бас арбитр төрешілік етеді. Сонымен бірге, негізгі реферилерге 63 ассистент-төреші көмек көрсететін болады.

ФИФА-ның төрешілер ко­ми­теті бұларды әлемнің 46 елінен таң­дап алды. Арбитрлар кейінгі үш жыл көлемінде дайындық семи­нарларына ұдайы қатысып тұрды.

Дайындаған
 Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды