Дүбiрлi Думан

0 98

Халқымыздың дәстүрге айналған Наурыз мерекесiн елордамыздағы №25 орта мектепте дүбiрлi думанмен атап өттi.

Көп ұлттың балалары бiлiм алып жатқан ордамызда ең алдымен Наурыз мерекесiн айшықтайтын әдемi суреттер салынып, әр сыныптың қабырға газеттерi шығарылды. Мерекелiк безендiруден бөлек, қазақтың ұлттық ойын-дардан сайыс ұйымдастырылып, одан кейiн «Наурыз тарихы» атты 7-сыныптың оқушылары арасында бiлiм сайысымен жалғасты. «Ауылдарға саяхат» байқауында мектеп ұстаздары мен оқушылар қазақтың және басқа ұлттың салт-дәстүрлерiнен керемет көрiнiс қойды. Ал,«Наурыз-думан» отбасылық жарыста өнер көрсеткен ата-аналар балаларымен бiрге Наурыз тойдың нағыз нақыштарын ортаға салды.
Гүлнұр Оспанова,
тәрбие iсiнiң меңгерушiсi

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =