ДҮБІРЛІ ДУМАН – «ҚАЗАҚ ЕЛІ» АЛАҢЫНДА

0 155

ERA_2219

Астаналықтар мен елорда қонақтары үшін Наурыз мейрамының басты шарасы 21 наурыз күні «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда өтетін болып отыр. Мерекелік серуенге шығатын халайықтың көңіл-күйін көтеретін қызықтың түр-түріне кенелмекпіз.

Алаңға жиналған жұрт түрлі қызықты тамашалап қана қоймай, өздері де мерекелік шаралардың кейіпкері болуына мүмкіндік қарастырылған. Мәселен, қалаған адам асық ату, күрес және басқа да спорт сайыстарына қатыса алады. Көшпелі цирктің көрсетілімі, қолөнер шеберлерінің көрме-саудасы, «Көктем туралы плэнерлық музыка және әлемдік көркем сурет» инсталляциясы, түркі халықтары тағамдарының фестивалі көпшіліктің көңілін көтерері сөзсіз.

Ал, «МузАРТ», «Жігіттер», «КешYOU», «Қоңыр», «AssyL», «The Jigits» топтары, «Сазген сазы» фольклорлық ансамблі, «Шаттық», «Салтанат», «Шолпан»,  «Wake-up» би ұжымдары, «Елігай» жасөспірімдер хоры, Тамара Асар, Әли Оқапов және Димаш Құдайберген сынды әншілердің концерті мерекенің мәртебесін биіктете түспек.

Сондай-ақ, 22 наурыз күні қала әкімдігі алдындағы алаңда өтетін халықтық серуен мен мерекелік концерт те астаналықтар мен елорда қонақтарының көңіл-күйін көтеретін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 1 =