Дуатлон додасына түсті

0 19

Елордадағы Ботаникалық бақта халықаралық Олимпиада күніне арналған шара өтті.Жарысты Nomad TriClub Iron Qazaqstan, Триатлон Федерациясы, Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі, әкімдіктің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы, Nur Otan партиясымен бірлесіп өткізді.
Шараның ашылу салтанатында қалалық триатлон федерациясының президенті ­Ержан Біржанов, Nomad TriClub Iron Qazaqstan директоры Талғат Ісмағамбетов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Дуатлон екі кезеңнен тұрды: жүгіру және велосипед тебу. Жүгіру бақ ішіндегі үлкен шеңберде 6 км/2 айналымнан тұрды. Велосипед тебу – бақтың айналасындағы 23 км/5 шеңбер. Айта кетсек, дуатлонға қатысу құны 5 мың теңге болса, оған қатысушылар саны 50 адамды құрады. Олардың барлығы дуатлонға зор дайындықпен келген.

«Мен спортқа өте жақынмын. Сондықтан осындай дуатлонның ұйымдастырылатынын білген кезде ерекше қуандым. Қатысқаныма еш өкінбеймін» деді қатысушылардың бірі Нұргүл Нұрланқызы.
Жеңімпаздар алғыс хат және медальдармен марапатталды.

Жанель ҚҰТТЫБАЙ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − nine =