«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Достықтың жол картасы жасалады

0 138

Астана әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен Ресей Федерациясы құрамындағы Удмурт Рес­публикасының басшысы Александр Бречаловпен кездесті. Олар кәсіпкерлік, экономика, мәдениет және спорт саласындағы бірқатар жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Удмуртиядан келген ресми қонақтарды қарсы алған Бахтияр­ Мәкен өз сөзінде Ресей мен Қазақстан арасында барлық деңгейде сенімді қарым-қатынас орнығып, өңіраралық ынтымақтастықтың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. «Бізді Ресеймен сан ғасырлық бауырлас қатынастар байланыстырады, олар жыл сайын нығайып келеді. Біз Ресей өңірлерімен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға үлкен мән береміз. Өз тарапымыз­дан серіктестік қарым-қатынасымыздың сізбен бірге қол жеткізген жетістіктерін жақсартуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз» деп атап өтті қала әкімінің орынбасары. Ол сондай-ақ Нұр-Сұлтан әкімшілігі Удмурт Республикасымен іскерлік ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жаңа идеялар мен жобалар үшін ашық екенін білдірді.
Өз кезегінде Удмуртия басшысы астаналық әкімдік өкілдерін 18-19 қыркүйекте Удмуртияда өтетін М.Т.Калашниковтың туғанына 100 жыл толуына арналған қару-жарақшылар форумына қатысуға шақырды. «Қазақстан мен Нұр-Сұлтан кәсіпорындары үшін қорғаныс саласының кәсіпорындарымен қарым-қатынас жасау қызықты болады, оның үстіне форумның тақырыбы әскери емес, азаматтық және қосарлы мақсаттағы өнім болмақ» деп толықтыр­ды Удмурт Республикасының басшысы. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нақты жобалардың Жол картасын жасауға келісті, оның аясында Удмуртия және Нұр-Сұлтан кәсіпорындары өзара іс-қимыл жасайтын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды