ДОСТЫҚТЫҢ ДОП ДОДАСЫ

0 117

X3jjYE7XKyA

Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» атты мега-жоба аясында 14 қыркүйекте «Спорт – ұлт денсаулығы» ұранымен мини-футболдан жарыс өтті.

Шараның өткізілуіне Астанадағы украиндардың «Оберег» қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Мұнда Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессор-оқытушылар құрамы, Украинаның Қазақстандағы елшілігі мен ұйымдастырушылардан құ­ралған командалар қатысып, бірін­ші орын үшін өзара бақ сынасты. Жеңімпаздарды матч төрешісі болған Украина ғылым және мәдениет орталығының директоры П.Токар ма­рапаттады. Салауатты өмір салтын насихаттаған шара қатысушылары жарыс соңында бір дастарқан басында жиналып, ұлтаралық ынтымақтастық жайында әңгімелесті.

Т.Ширмер,
«Оберег» украиндар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − 10 =