Достықтың дәнекері

0 42

Бауырлас қырғыз елінің президенті Садыр Жапаров Қазақстандағы жалғыз манасшы, танымал жазушы, драматург Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады.

Марапаттау рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров­тың Жарлығына сәйкес, қыр­ғыздың «Манас» эпосын Қазақстанда танытып, екі елдің арасындағы мәдени серіктес­тікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург, айтыскер-­ақын және манасшы Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы «Достық» орденімен марапатталды. «Маған үлкен құрмет көрсетіп, еңбегімді бағалады. Осындай маңызды орденді табыстағаны үшін қырғыз халқына алғыс айтамын. Мен қазақ эпостарын қалай жақсы көрсем, қырғыз эпостарын да солай сүйемін» деді манасшы Баянғали Әлімжанов.
Баянғали Тоқанұлы – ақын, жазушы, драматург, суырып салма ақын, жыршы-жырау, сатирик, сыншы, әдебиеттанушы, режиссер, сценарист, киноактер, тілші, кинодокументалист, тележүргізуші, аудармашы, балалар ақыны және балалар жазушысы, 50-ден аса кітаптың авторы.
Естеріңізде болса, жазушы шығармалары Ұлыбританиядағы белгілі британдық Hertfordshire Press басылымында ағылшын тілінде шыққан еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − thirteen =