Достықтың алтын көпірі

0 154

Үндістан мен Қазақстан көп ғасырлардан керуен тартып келе жатқан ортақ мәдени мұраға ие. Осынау ежелден жалғасқан тығыз байланыстарды нығайту қажеттілігін түсіне отырып, 1994 жылы Қазақстанда Үндістан Елшілігінің жанындағы Үнді мәдени орталығы ашылған болатын. Оның түп мақсаты –­ ­мәдени және академиялық байланыстарды құру, жандандыру әрі нығайта түсу, салмағын арттыра беру болып табылады. Екі ел арасындағы өзара түсіністік аса маңызды. Орталық 2007 жылы Үндістан Елшілігі Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласында қоныс аударған кезде бірге көшті. Кейіннен бұл орталық 2018 жылы мамырда «Свами Вивекананда» мәдени орталығы болып өзгертілді.«Свами Вивекананда» мәдени орталығы жұмысы – мәдени және академиялық бағдарламалар, Үндістандағы үздіксіз білім беру стипендиялары сияқты әр түрлі іс-шаралар арқылы Үнді түбегіндегі бұл елдің бай әрі сан алуан бірегей мәдениеті туралы хабардар болуға бағытталған. Қазақстандық студенттердің үнді классикасы, халықтық билері мен музыкасын үйренуге деген қызығушылығы зор, сол арқылы Үндістан мен Қазақстан арасындағы рухани жақындастықты орнатып, мәдениеттің алтын көпірін нығайта түсері анық.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Свами Вивекананда» атындағы мәдени орталығы Үндістанның тәуелсіздігі мен мәдени мұрасының 75 жылдығын атап өтуде. Сонымен қатар Қазақстандағы India @ 75 бағдарламалар сериясы арқылы адамдар арасындағы байланыс­тарды насихаттайды.
Өткен аптада Shakti Dance тобының ықыласпен шақыруымен «Свами Вивекананда» мәдени орталығының үнді биі мен музыкасының мұғалімдері – Катхак биінің мұғалімі Трипти Санвал ханым үндінің классикалық биі Катхакта (Тарана биі) үнді халық билерінен, Болливуд билерінен шеберлік сабақтарын өткізеді. Бұған осы бидің техникалық негіздері, аяқ қимылдары, бұрылыстар енгізілген. Музыка мұғалімі Правин Кумар Дубей мырза үнді музыкасы (үнді классикалық музыкасының жеті нотасы, саргам әндері, алақан соғып әрі санау арқылы берілетін өрнектер, Болливуд әндері) осы іс-шараны түйіндеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − one =