Достықты өнермен бекітті

0 5

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академия­лық филармониясына қарасты «Шалқыма» халық би ансамблі, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі және Беларусь Республикасының мемлекеттік академиялық би ансамблінің «Достық жолы» атты бірлескен концерті өтті.

Кеш барысында ұлттық бидің өрлеуіне сүбелі үлес қосқан, таяуда 70 жас мерейтойын атап өткен биші, педагог, Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі Тойған Ізімге құрмет көрсетілді.
Концерттің бірінші бөлімінде «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі, халықаралық байқаулардың лауреаты Айсұлу Мұратқалиева, республикалық байқаудың лауреаты Әйгерім Күлшина, Ақбілек Нұрманова, Жәния Байділдаева және Райгүл Исмағұлова өнер көрсетті.
Екінші бөлімді Беларусь Республикасының мемлекеттік академиялық би ансамблі «Карагод» биімен ашты. Аталмыш ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Беларусь Республикасының халық әртісі Валентин Дудкевич концертке арнайы қатысты. Өнер ұжымының өнерпаздары мың бұралған билерді биледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − five =