Достық керуені

0 117

Қазақстан халқы бірлігі күніне ар­­налған «Достық керуені» мереке­лік концерті ұйымдастырылды. Қо­йы­лым М.Өтемісов атындағы мектеп оқушылары сарайында өтті. Астана қаласының жалпы білім беретін және жексенбілік мектептерінің тәрбиеленушілері көрермендер назарына түрлі ұлттардың әндері мен билерін ұсынды. Дала казактарының частушкілері, матрешкалар биі, көңілді украин әндері мен қызу қанды кавказ халықтарының билері, тағы да басқа халықтардың өнерлері жи­­налған қауымның көңілдерінен шы­­ғып, алақан қыздыра қол со­­ғыл­­ды. Қала тұрғындары мен қо­­нақ­­тары, жасөспірім әртістердің ата­­-аналары, М.Өтемісов атындағы Мек­­теп оқушылары сарайының ар­­дагерлері осы дәстүрлі мерекеде дос­­тық пен Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығын ән айту мен би билеу түрінде жеткізгені үшін жас өнерпаздарға ризашылықтарын білдірді.

Ырысты ЖАЛҒАСБАЙ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 3 =