Достық дәнекерi

0 72

Қытай Халық Республикасы мен Қазақстанның ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқанына биыл жиырма жыл толып отыр. Осыған орай Еуразия ұлттық университетiнде екi елдiң мәдени болмысын айшықтаған шара өттi.
Шығыстағы көршiмiз – ел тәуелсiздiгiн ал­ғаш мойындаған мемлекеттердiң бiрi. Екi елдiң экономикалық, саяси-мәдени бай­ла­нысы соңғы жиырма жылда жаңа қырынан көрiнiс тауып отыр. Қос мемлекеттiң ортақ тiл табы­сып, ынтымақтастық қарым-қаты­насының жандануына екi ел басшыларының да қосып отырған үлесi қомақты. Осы орай­да, өткен жылғы Қытай Халық Республи­касының төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақ­станға арнайы сапарын атап өту қажет.
Аталмыш жиынға Қытайдың Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Чжоу Ли,  белгiлi тарихшылар мен саясаттанушылар қатысты. Екi ел достығының тағы бiр куәсi аталмыш бiлiм ордасындағы Қытай тiлi кафедрасының ашылғанына биыл бiр жыл толыпты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + eleven =