ДОСТЫҚ ДӘМІ

0 183

наурыз9Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Астанадағы корей этномәдени бірлестігі ұлттық тағамдар жәрмеңкесін өткізді.

«Бір күн дәмдес болғанмен, қырық күн сәлемдес» дейтін халық даналығымен үндес келетін дәстүр әр халықтың мәдениетінде бар. Оннан астам қалалық этномәдени орталықтарының жастар қанатын жинап, ас мәзірімізді әзірлеп, дәмін көруге арнайы шақырып отырмыз. Мұндағы мақсатымыз – жас­тарды бір дастарқан басында жинап қана қоймай, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді, мәдениетті насихаттау арқылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру»  дейді корей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Роза Пак.

– Наурыз мерекесі қарсаңында өз халқының ұлт­тық тағам түрлерін қазақ, орыс, болгар, қырғыз, татар, әзербайжан, корей, өзбек, түркімен, тәжік мәдени орталықтары да ұсынды. Елордада түрлі этнос өкіл­дерін біріктіріп отырған 29 этномәдени орталық  жұмыс істейді. Солардың жұмысын жан­дан­дыруға жастар қанаты да бастамашы болуда. Бү­­гінгі шарада әр ұлттың ас мәзірімен танысып, оны қа­лай әзірлеуді үйренудің өзі жастарды бір-біріне жақын­дастырады деп ойлаймын, – дейді «Астана жас­тары» ұйымының  басшысы Қайырболат Сахметов.

Айгүл УАЙСОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =