©2020 Астана Ақшамы
Доп додасы басталды
Футболдан Қазақстан чемпионатының үшiншi тур ойындары өттi. Атақты футболшы Олег Протасов баптайтын елордалық «Астана» командасы осыған дейiн турнир кестесiн бастап келген Оралдың «Ақжайық» клубын қабылдап, 2:1 есебiмен жеңiске жеттi.
Турдың басқа ойындарында мынандай нәтижелер тiркелдi: «Ақтөбе» – «Жетiсу» 4:0, «Оқжетпес» – «Ертiс» 1:4, «Тобыл» – «Шахтер» 3:1, «Қай-сар» – «Тараз» 1:2, «Атырау» – «Қайрат» 2:0, «Сұңқар» – «Ордабасы» 0:0.
Әзiрге үш маусым басталғалы үш ойында да жеңiске жеткен «Ертiс» пен «Тараз» көш басында келедi.
Келесi тур 31 наурыз күнi өтедi. Бұл күнi «Қайрат» – «Астана», «Шахтер» – «Жетiсу», «Тараз» – «Ақтөбе», «Ордабасы» – «Қайсар», «Ақжайық» – «Сұңқар», «Ертiс» – «Атырау», «Тобыл» – «Оқжетпес» командалары өзара кездеседi.