Донор бол – басқаларға өмір сыйла!

0 19

№5 қалалық емхананың ұжымы «Донор бол – басқа адамға өмір сыйла!» атты қайырымдылық шарасына қатысты. Акцияның мақсаты – қанға мұқтаж адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік беру үшін қан банкінің қорын толықтыру.

журек

Жол-көлік және жазатайым оқиғалар салдарынан жедел ота жасау – донорлық қанды қажет ететін жағдайлардың бір парасы ғана. Күн сайын мыңдаған адам қан құюға мұқтаж, ал медицина қызметкерлері қашанда адамдарға бірінші болып көмекке келеді. Бұл акция да қажетті сақтық шараларын қатаң сақтай отырып өткізілді. Акция қатысушылары сауалнама толтырып, денсаулық жағдайын алдын ала диагностикадан өткізді. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ресми сайтында соның нәтижелері бойынша 58 адамға қан тапсыруға рұқсат берілгені жазылды. Нұр-Сұлтан қаласының №5 қалалық емханасы қызметкерлері қан банкі қорын толықтыруға жыл бойы белсенді түрде қатысады, осылайша елордамызда өтеусіз донорлықты дамыту мен қолдауға айтарлықтай үлес қосады. Аталған орталықтың ресми сайтында ашылған «Жеке кабинет» айдары арқылы талдау нәтижелері туралы ақпаратты алуға болады, сондай-ақ өзіңіз жасаған донациялардың санын да көре аласыз.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × one =