ДӨҢГЕЛЕК АЛАҢДА ДЕМАЛАМЫЗ

0 152

донгелек алан

Елордамызда тағы бір бұқаралық демалыс орны ашылмақ. Астана қаласының бас жоспарына сәйкес салынып жатқан жаңа дөңгелек алаң Есілдің сол жағалауындағы Триумфалды арканың маңайында орналасатын болады.

«Қазіргі уақытта Триумфалды аркада жаңа дөңгелек алаң салынып жатыр. Триумфалды арка ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай құрылған. Оның сәулетін, биіктігін, көлемін ескере келе, біз қала құрылысы кешенін, сәулет ансамблін жасап жатырмыз. Алаң аумағында жерасты тұрақ жасалады, онда техникалық орынжайлар, дәретханалар болады. Алаңның өзінде мейрамханалар, шағын сауда орындары ашылады, олар бірінші қабатта орналасады. Алғашқы екі қабат адамдарды тарту үшін жасалады, олардың демалуына, серуендеуіне, кофе ішуіне, балалармен ойнауға арналады. Алаң қаланың демалыс және мәдениет орнына айналады. Бұл жаңа демалыс орнының Астананың жаңа нышаны болғанын қалаймыз» деп атап өтті  қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий astana.kz сайтына берген сұхбатында.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + eleven =