Домбыра туралы толғау

0 24

Мәдениет және спорт министрлігінің бас­тамасымен жүзеге асқан «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында белгілі қоғам қайраткері, дарынды әнші Бекболат Тілеухан онлайн-концерт берді.Сәуірдің мақпал кешін сырлы сазға бөлеген концертті айтулы ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы сөзін, сазын композитор Мейрамбек Жанболат шығарған «Домбыра» әнімен ашты.
– Қазір біздің халқымыз ғана емес, адамзат баласы осы сынақты басынан өткізіп отыр. Осындай қысылтаяң кезде үйде отырғанда бір қоңыр кешті домбыраға арнап, арқа-жарқа кеш жасайық деп ойладым. Салымыз суға кетіп, әр нәрсені айта бергеннен не болар. Алла тағала ұшындысынан, пәлесінен сақтасын! Бүгінде ел қиыншылық уақытта бәрі жұмылып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлігін көрсетіп жатыр. Сондықтан жалпақ ел үшін күні-түні қызмет атқарып жүрген азаматтарға алғысымды айтамын, – деген талантты тұлға қазақтың қасиетті қара домбырасы туралы ұлағатты әңгіме өрбітті.
Концерт барысында әнші есімдерін көпшілік онша біле қоймайтын авторлардың сирек айтылатын шығармаларын орындап, жұртшылықтың жылы ықыласына бөленді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + four =