©2020 Астана Ақшамы
Дойбы додасы
Астана қаласындағы №36 «Айгөлек» балабақшасында дойбыдан жарыс өтті.
Оған әр топтан іріктеліп алынған бүлдіршіндер мен ата-аналар қатысты. Балабақша бүлдіршіндері арасынан: естиярлар тобынан – Арай Айтбай, Айдос Мақсұт, «Қонжық» ересектер тобынан – Әлжан Нұрислам, Әлихан Алдабергенов, «Шағала» ересектер тобынан – Ермұқан Бақытжан, Ернат Елубаев, «Қарлығаш» мектепалды тобынан – Жания Жантасова, Алтынай Райымбектер үздіктер қатарынан орын алды.
Ал, ата-аналар арасынан Мереке Татығожинов бірінші орын иеленсе, келесі орындарды Думан Көлбай, Ардақ Айтбаевтар бөлісті.
Ербол ЖАНАТ