ДОЙБЫ ДОДАСЫ

0 206

SAM_1000

Қостанай қаласында 100 шаршылы дойбыдан ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Республика дойбышыларының басын біріктірген додада Астана қаласындағы Х.Омаров атын­да­ғы Шахмат клубынан қатысқан жас­өспірімдерден 10 бала чемпион атанды. Оның үшеуі дойбының классикалық және рапид түрлері бойынша 2 алтыннан иемденсе, қалған жетеуі тек классикалық түрінен жеңімпаз болды. Сөйтіп, Астана қаласы жалпы есепте
1 орыннан көрінді.

Қос алтынға қол жеткізген үштікті Әлем чемпионы Қасым Алима, Бангкокта өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Сапаров Олжас және 4-сынып оқушысы Еренғаев Есбол құрады. Атап өткен жөн, жүлдегер жет­кіншектердің үшеуі де №45 мек­тептің оқу­шылары.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × three =