ДОДАДА – «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР»

0 192

Кеше Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің спорт кешенінде «Жас құтқа­ру­шы­лар» жасақтарының арасында жарыс өтті.

Алматы ауданындағы мектептер арасынан іріктеліп алынған алты команда төрт бағдарлама бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, қатысушылар 100 метр қа­шық­тықты кедергілермен жүгіріп өтіп, оқу-жаттығу мұнарасының екінші қабатына өрмелеп, өрт сөн­ді­рушілердің жауынгерлік киімін киді және медициналық сынақтар тапсырды, сонымен қатар, жарысушылар құтқарушы мамандығын насихаттайтын «ең үздік шығарма» және «ең үздік сурет» аталымдары бойынша да қосымша сайыстарға қатысты. Жарыс қорытындысында бірінші орынды № 30 орта мектептің «ММ» командасы, екінші орынды Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» командасы иеленсе, үшінші орынды №53 орта мектептің жас құтқарушылары иеленді.

Сондай-ақ, №51 орта мектептің оқушыларына жас құтқарушы куәлік­тері табыс етілді. Өрт сөндіруші маман­дардан арнайы жаттығу жұмыс­тарын үйренген оқушылар аудан намысын қалалық жарыстарда қорғайтын болады.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 2 =