Дипломмен – ауылға!

1 198

Еуразия гуманитарлық институтының колледжінде «Жас Отан» Жастар қанатының Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Дипломмен – ауылға» акциясы аясында кездесу өтті.  

Жобаның басты мақсаты – «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру туралы» ҚР заңын жүзеге асыру. Қазақстан «Ауыл жастары одағының» өкілі Әділет Ахметовтың айтуынша бүгінде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 23 876 жас маман тартылды. Олардың ішінде 75 пайызы – мұғалім, 20 пайызы – денсаулық сақтау, 728 – мәдениет, 211 – әлеуметтік және 249 – спорт, 135 ветеринария саласының мамандары. Жоба жүзеге асырылғаннан бастап республикалық бюджеттен 10 млрд теңгедей бөлінген. Оның ішіне көтерме жәрдемақыларын төлеуге және тұрғын үй алуға арналған бюджеттік несиелер бар. Бүгінгі таңда облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, 2012-2014 жылдар аралығында жоба аясында ауылдық елді мекендерге 16 мыңнан астам мамандарды тарту жоспарланып отыр екен.

Нұрзада КҮМІСБЕК,
Еуразия ұлттық университетінің студенті

  1. Күлзада :

    Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы туралы толық мәліметті қайдан алуға болады? Сілтемесін жіберіңіздерші. Фтизиатрия саласының маманымын, еңбек өтілімім отыз жыл бағдарламаға қатыса аламын ба? Мүмкін болса Степногорскіге/

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =