Дипломды онлайн қорғайды

0 35

Биыл қорытынды аттестаттау және білім алушылардың дипломдық жұмысын (жобасын) қорғау Microsoft teems, АИС «Platonus» платформаларында, ZOOM, Google class room арқылы бейнебайланыспен онлайн өткізу жоспарлануда. Барлық емтихан бейнежазбаға жазылады.Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыққызының айтуынша, қашықтан оқыту нәтижелі болуы үшін оқушылар мен педагогтардың компьютер және интернет желісімен қамтылуына мониторинг жүргізілген.
– Мониторинг қорытындысы бойынша Білім басқармасы мен мектептер балансындағы 7118 компьютер көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 6500 оқушыға және 618 педагогке уақытша пайдалануға берілді. Қосымша 2613 ноутбук және интернетпен қамту үшін 5200 флеш-карта сатып алынды, – дейді А.Зарлыққызы.
Осы оқу жылында колледждердегі түлектер саны – 6605 студент, оның 3787-сі мемлекеттік тапсырыспен бітіреді. Білім алушылар мен оқытушылар қажетті техникамен: компьютер, флеш-карта және wi-fi роутермен қамтамасыз етілген.
Айта кету керек, студенттерге 1 280 910 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Ақылы топта оқитын 1000-нан астам студентке оқу ақысы биылғы тамыз айына дейін шегерілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =