Діни әдебиеттер арнайы орындарда сатылады

0 175

Қазақстан Республикасының заңнамаларында 2011 жылға дейін діни әдебиеттерді тарату, сату орындарын белгілеуге байланысты нақты қағидалар болған жоқ. 2011 жылы 25 қазандағы ≪Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы≫ Қазақстан Республикасы заңының 9-бабының 2-тармақшасында ≪Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі≫ деп көрсетілуіне сәйкес Заңның 5-бабының 4-тармақшасы бойынша Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 шілдесіндегі №111-1076 қаулысымен діни әдебиеттерді келесі 8 сауда орнында бекітілді:

Күлтегіндүкені (Абылай хан даңғылы, №6/1 үй)

КиКдүкені (Абылай хан даңғылы, №29/1 үй)

ЖК ≪И.М.Вороненко≫ (Абай даңғылы, №89 үй)

Абайдүкені (Ә.Бөкейхан көшесі, №30 үй)

Кәусардүкені (Бейбітшілік көшесі, №69 үй)

Алматыдүкені (Абай даңғылы, №39 үй)

Книжный Эльдорадодүкені (Бейбітшілік көшесі, №31 үй)

Эльдорадодүкені (Д.Қонаев көшесі, №35/1 үй)

Сондай-ақ, Заңның 9-бабының 2-тармақшасына сәйкес діни әдебиеттер қалада ресми мемлекеттік тіркеуден өткен 55 діни бірлестіктер өз ғимараттары мен ауласында тарату құқығына ие. Яғни қаулымен белгіленген 8 орынға 55 діни бірлестікті қоса алғанда Астана қаласында жалпы 63 мекен-жайда діни бағыттағы материалдар таратылатын болады.

Бұл мекен-жайларда сатылатын кітаптар биылғы жылдың 7 ақпанындағы ҚР Үкіметінің №209 Қаулысына сәйкес арнайы дінтану сараптамасынан өткізілуі тиіс. Діни материалдарды дінтану сараптамасынан белгіленген орын иелерінің сұранысымен Уәкілетті орган өткізеді.

Белгіленген мекен-жайлардан өзге орындарда діни әдебиет тарату, сату заңсыз болып есептеледі. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда жеке тұлғаларға 50 АЕК, діни бірлестік басшылары немесе лауазымдық тұлғалар үшін 100 АЕК, заңды тұлғаларға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болады.

Бұл азаматтардың дұрыс діни ақпарат алуы, қоғамдық тұрақтылықтың сақталуы үшін қажетті шара болмақ. Түрлі шет елден келген және еліміздің заңдарына қайшы идеяларды насихаттайтын діни әдебиеттер сұрыпталып, дінтану сараптамасынан өткен әдебиеттер ғана арнайы жерлерде таратылады.

Сәкен Есіркепов,

Астана қаласы Дін істері департаментінің жетекші маманы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − 2 =