ДИНАРАНЫҢ ДӘРІСІ

0 154

Динара2

Өткен аптада «Шахмат – ғылыми, ақыл-ойды дамытатын спорт ойыны» атты тақырыпта еліміздің жас шахматшысы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Динара Сәдуақасованың қала жас­тарымен кездесуі өтті.

Шараны «Жастар – Отанға!» жобасы аясында «Жас Отан» Жас­тар қанатының Астана қалалық филиалы ұйымдастырды. Жастар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттаған аталмыш шараға Астана қаласының аула клубтары, «Жас ұлан», «Жас Қыран» республикалық балалар ұйымы, ардагерлер кеңесінің қарттары және шахмат клубтары қатысты.

Кездесу басында «Жас Отан» Жастар қанатының атынан сөз алған Салтанат Әли жиналған жастарға «белсенді өмір кепілі – спорт, болашақ – білімді жастардікі» деп үндеу тастады. Гроссмейстер Динара Сәдуақасова шахматты ойын ғана емес, ақыл-ой гимнастикасы екенін айтып, көрерменге авторлық әдістемелік кітабын таныстырды.

Жасөспірімдерге шахмат ойнаудың тәсілдерін түсіндіріп, шеберлік сабағын өткізді. Ал, ұйымдастырушылар қонақтарға шахматқа қатысты викториналық сұрақтар қойып, жеңімпаздарға кітап үлестірді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =