Дін – тұрақтылық негізі

0 115

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен «Алғыс айту» күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңестің отырысына бірлестіктердің жетекшілері, қоғам қайраткерлері қатысты. Отырыс барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары дін саласындағы мемлекеттік саясаттың және діни бірлестік жетекшілерінің жеке жауапкершілігінің арқасында ерекше конфессияаралық және дінаралық келісім моделі елімізде тұрақты орныққандығын атап өтті. «Мемлекеттің саясатына дін істері көп араласпаса да, қоғам үшін бұл саланың да өзіндік мәселелері жетіп артылады. Қазіргі қиын-қыстау заманда әртүрлі дін өкілдерінің бірлігін сақтау да – үлкен жұмыс. Бүгінгі отырыста діни бірлестіктердің алдына қойған жұмысымен танысып, тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы атқарылар істердің ауқымын талқыладық» деді Бақтияр Мәкен.
Өз кезегінде діни бірлестіктердің басшылары қазақстандықтарды «Алғыс айту» күнімен құттықтап, бұл күннің ерекше қоғамдық маңыздылығын атап өтті. Күн тәртібінде діни ғимараттардағы санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтау сұрақтары және ҚР дін саласындағы заңнаманың бұзылуының алдын алуда мемлекеттік органдардың тиімді бірлесе жұмыс істеу мәселелері қарастырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары мемлекеттік органдарға және Кеңес мүшелеріне кеңестің жұмысы бойынша ұсыныстар енгізуді және аталған сұрақтар бойынша тиісті іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 10 =