Дін тақырыбын қозғауға үлкен дайындық керек

0 26

Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дін мәселелері бойынша БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған оқыту тренингі» семинарын өткізді.

«2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламасы» және «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында ұйымдастырылған семинарды ашқан Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов өз сөзінде «ҚР тұңғыш Президенті бастамасымен еліміз бейбітшілік пен келісімнің үлгісіне айналды. Қазақстанның қол жеткізген маңызды жетістіктері қоғамдағы ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген, сондықтан да еліміздегі 40-тан астам түрлі конфессия, 130-ға жуық этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүруде. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдары азаматтар арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясын болдырмау және алдын алу жұмыс­тарында маңызды рөл атқарады» деп атап өтті.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Жапал Долиев «Көп талас тудыратын тақырыптың бірі дінге қатысты тақырыптар, қазіргі таңда салалық журналистика дамып жатыр, сондықтан дін тақырыбын саралай алатын журналистер дайындау қажет деп есептеймін» дей келіп, деструктивті діни ағымдардың ақпараттары мен идеологиясының таралуына жол бермеу, экстремистік және террористік топтардың идея­ларынан отандық ақпараттық кеңістікті қорғаудың тиімді әдістерін талқылаудың маңыздылығын айтып өтті. Республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжанов дін саласындағы ақпараттық жұмысты ұйымдастыруда тәжірибе және арнайы дағдылар алмасу, азаматтарға діни сала туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізудің кәсіби дағдыларын меңгеруге қатысты өз ойын білдірді.
Семинар-тренингте әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов діни саладан ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына жеткізу бойынша жұмыстың жаңа әдістерін игеру, деструктивті, экстремистік және радикалды идеялардың жолын кесуде халықтың дін мәселелері бойынша білім сапасын арттыру, конфессияаралық диалог пен келісімді ілгерілету, арнайы терминдерді қолдану туралы баяндады.
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, PhDдокторы Әйгерім Оспанова мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының діни экстремизм мен терроризм идеологияларына қарсы іс-қимыл ерекшеліктерін ашып көрсету бойынша өзара әрекеттесу тәсілдерін жетілдіру мәселелерін қозғаса, тележурналист, блогер Нұрбек Бекбау діни тақырыптағы материалдарды жариялау сапасын арттыру, мемлекеттік ақпараттық саясаттың бағыттарын, діни саланы қамтуға қатысты мәселелерді нақтылау, діни және аналитикалық ақпаратпен жұмыс ерекшеліктері, БАҚ және жаңа технологияның коммуникациялық құралдары арқылы азаматтарға қажетті ақпаратты жеткізу нысандары мен әдістерін қарастыру турасында айтты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × five =