Дін мен саясат арақатынасы

0 137

Тарих қойнауларына көз салсақ, дін мен саясатқа ортақ нәрсе – билік мәселесі болғандығын көреміз. Саясатта, дінде қоғамда заңды билікке қол жеткізуге ұмтылады. Алайда дін мен саясаттың билікпен байланысының өзіндік ерекшеліктері бар. Дін мен саясаттың байланысы тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қатысты өзгеріп отырған.

Рим империясының орнын Рим шіркеуі басқаны белгілі. Яғни ұзақ уақыт бойы діни және саяси билік тұтасқан бірлікте болып келді. Сондықтан дін мен саясаттың мақсаты көп кезде ортақ болады. Ал біздің еліміз зайырлы мемлекет болғандықтан, мемлекет пен дін бір-бірінен бөлек болып саналады.
Қазіргі таңда қалыптасқан діни жағдай мәселелердің күрделілігі мен көп аспектілігін көрсетіп отыр. Американ ғалымы С. Хантингтон өзінің әйгілі «Столкновение цивилизации» атты еңбегінде өркениет діни негіздегі қақтығыстарға кездесетінін ескерткен болатын. Әлемдегі көптеген қақтығыстар осы дін мәселесіне байланысты шығып отырғанын көруге болады. Қазақстан өзінің геосаяси орналасуына, мәдени-өркениет­тік байланыстарына, әлеуметтік-
экономикалық дамуына байланысты әлемдік процесстерден тысқары қалуы мүмкін емес екені анық.
Қазақстанда тәуелсіздіктің үшінші онжылдығы барысында діни институттардың сан жағынан да, сапа жағынан да мәнді өсуі байқалды. Діни бірлестіктер саны ұлғайып, рухани дәстүрлер қайта өрлей бастады, жаңа ғибадатханалар салынды – мешіттер, шіркеулер, ғибадат үйлері, синагогалар тұрғызылды. Халықтың діндарлығының деңгейі өсті. Кейбір сарапшылардың бағалары бойынша, діндарлардың саны 80-жылдардың ортасымен салыстырғанда 20-25-тен, 90-95 % дейін өсті. Әрине діни бірлестіктердің өсуімен қатар дін атын жамылып саяси және басқада мақсаттарды көздейтін бірлестіктер мен ұйымдар да шыға бастады, оларды өз қызметтерін кеңінен, әрі интенсивті атқарып жүрген кейбір діни ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты мен заңдарына мойынсұнбау, түрлі амал-тәсілдерді қолдану секілді қарсы насихаттары кездесіп отырады.
Бүгінгі таңда халыққа, мемлекеттің саясатына қарсы идео­логияны жүргізіп жатқан дес­труктивті діни ағымдардың насихаттарына мойынсынбау үшін, нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру маңызды болып саналады. Діндердің бейбіт өмір сүруі, экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл, жалпы алғанда Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басым міндеттері болып табылады.
Діни және этникалық негіздегі қақтығыстар, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың шектелуі, этникалық немесе конфессионалдық белгілердің, діни экстремизм мен терроризмнің мемлекеттің саяси жүйесінің тұрақсыздығына, халықаралық қатынастардың шиеленісуіне себеп болуы мүмкін екендігін есте сақтау қажет. Қазіргі таңда Қазақстанда діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға, діни сенімдерге құрметпен қарауға, заң алдында түрлі дін өкілдері тең дәрежеге ие болуына негізделген мемлекет пен діндер арасында бірегей үлгі орнағандығын айта кету керек.
Қазіргі таңдағы қоғамымыз­да діннің рөлі артып отыр. Халықтың түрлі топтағы өкілдерінің рухани салаға, соның ішінде қоғам өмірінің діни саласына деген қызығушылығы арта түсуде. Бүгінде елімізде әртүрлі діндер және конфессия­лар өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және өзара тиімді қарым-қатынас жасауы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылары анық. Жалпы алғанда, дін қоғаммен мемлекет дамуының қажетті және жағымды факторына айналуда. Әрине осының бәрі елімізде дін мен мемлекет­тік сая­саттың арақатынасы тұрақты екенін көрсетеді.
Елімізде мемлекеттік саясат пен дін арасындағы қатынас­тары нығайып келеді. Себебі мемлекет ханафи бағытындағы исламның және православилік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынына ерекше мән береді. Оның көрінісінің бірі Құрбан айт және Рождество мейрамдары заң бойынша демалыс күндері болып табылады. Елордамызда әлемдік және дәстүрлі діндердің, съездердің өтуі, бұл съездерге Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-елбасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық жасауы, Қазақстандық толеранттылық пен татулықтың, дінаралық үнқатысу мен ынтымақтас­тықтың, бірлік пен достықтың ерекше үлгісі бар екендігін көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақ­станда жүз отыздан астам этнос­тық және он сегіз конфессионалдық топ өкілдері тұрады, елімізде олардың бейбіт өмір сүруі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған. Көп этносты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан жаhандық конфессияаралық үнқатысу орталығы болып саналады деп көрсетеді.
Қорыта айтқанда, мемлекет пен дін арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін жүйе зайырлылық болып саналады. Бұл жүйе­де мемлекет пен дін бір-біріне араласпай, әрқайсысы бөлек жұмыс жүргізеді. Дін еркіндігі мен одан туындайтын құқықтардың қамтамасыз етілуі тек зайырлылық принципімен жүзеге асады. Зайырлылық принципі жүзеге асырылған мемлекеттерде дін мен мемлекет қатынастары өзі орнымен жүргізіліп, келеңсіздіктер жойылған. Сондықтан да біздің елімізде адамдардың бір-бірінің құқықтарын пайдалануына жол берілмейді және бұл заңмен қаралады. Қоғамда заң бұзушылық болмаудың бір амалы жастардың діни санасы мен діни білімін қалыптастыру шешімі болып табылады. Қазіргі таңдағы жастардың діни толеранттылық құрамдас бөлігі болып саналатын діни білімі, ең алдымен өз ұстанған діні жөніндегі білім деңгейін анықтау көзделгені дұрыс. Жастарға дінмен қатар мемлекеттік саясатты түсінуде дінтанулық білім керек деп ойлаймын.
Алайда қоғамдағы болып жатқан жағымсыз құбылыстар мен жастар тарапынан кездесетін кейбір мәселелерді шешу тек қана дін мен мемлекет құзырлығына итеріп қоймай, сонымен бірге әр отбасында тәрбие беру, отансүйгіштік, ізгілік, адалдық, мейі­рімділік, имандылық және т.с.с. үйрету, насихаттауда басты жауапкершілік ата-анада екендігін ескергеніміз жөн болары анық. Әр баланың тәртібі мен тәрбиесі ең алдымен отбасынан басталады. Әр бір ата-ана баласының бойында ұлттық рухани құндылықтарға негізделген сыртқы жағымсыз ықпалдарға төтеп беретін иммунитет қалыптастыру керек. Себебі болашақ жастардан басталады, ал мемлекетіміздің болашағы келешек жастарда.

 Еркебулан ШАМШАТОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × five =