Димаш төрелік жасайды

0 12

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шілде айында өтетін «Славян базары» ән байқауында қазылық етеді.«Славян базары» ән байқауында Димаш алғаш рет қазылық еткелі отырған жоқ, 2018 жылы да Беларусь елінде өтетін «Славян базары» ән байқауында төрелік еткен. Ал 2015 жылы өзі сол байқауға қатысып, гран-при жеңіп алған болатын.
«Славян базарына» қатысу үшін ұлттық іріктеуді біздің елімізден Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген жүргізеді. Бұл Витебскідегі байқаудың финалында Димаш қазылар алқасының құрамында болған.
«Димаш журналистерге берген сұхбатында «Славян базары» ән байқауына қатысқаннан кейін басқа елдерге таныла бастағанын, сондай-ақ әнші ретінде біраз өсуіне де жол ашқанын айтты. Биыл Димаш Қазақстан өкілі ретінде эстрадалық ән орындау­шылары байқауында қатысушыларға баға береді» деп хабарлайды байқау ұйымдастырушылары.
Биыл «Славян базары» ән байқауы Витебскіде 14-19 шілде аралығында өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + seventeen =