«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Димаш қол ұшын созды

0 152

Даңқты ұлымыз Димаш Құдайберген еліміздің денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты. Бұл қаржы дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмсалады. C.U.R.E үкіметтік емес қайырымдылық қорының президенті Дуглас Джексон мәлім еткен жағымды жаңалық елге тез тарап кетті. «Димаш C.U.R.E жобасының амбассадоры ретінде Халықаралық әйелдер күнін онлайн форматтағы тойлау шарасына қатысып, ән салды. Одан түскен шамамен жарты миллион доллар ақша дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсау үшін Қазақстанға табысталады» деді ол. Онлайн форматта өткен шарада Димаш сөз сөйледі. Одан соң әншінің пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне арнаған әнінің бейнебаяны көрсетілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды