Димаш АҚШ-қа барады

0 11

17 қаңтарда дарынды әнші Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясын атап өту аптасының ашылуына арналған іс-шараға қатысады.

Қалыптасқан дәстүрге сай бұл іс-шараны Sister Cities International ұйымы өткізеді. Айта кетейік, АҚШ президенті Джо Байден аталған ұйымның тең төрағасы атанды. Жиынға дипломатиялық корпус өкілдері қатысады.
Коронавирус пандемиясына байланысты іс-шара онлайн форматта Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 18 қаңтар таңғы 6:00 мен 8:00 аралығында (АҚШ уақытымен 17 қаңтар кешке 19:00 мен 21:00 аралығы) өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 3 =