«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде

0 19

Маусым басталғаннан бері Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астаналық дезинфекция» ЖШС-пен бірлесіп, аумақты өңдеу бойынша екі тур өткізді. Масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюін болдырмау мақсатында қаланың барлық ауданында дезинсекциялық жұмыстың екінші кезеңі басталды.

37a20f55461511b79c7aead21c8dcc26_XL

Елорданың барлық төрт ауданындағы жүзден астам таяз су қоймалары мен батпақты жерлер өңделді. Осыған орай, ашық стацияларды, кварталішілік аумақ, көшелер, саябақтар, гүлзарлар, елді мекендер және т. б. өңдеу басталды. Масалар экожүйенің бір бөлігі болғандықтан, оларды толығымен жоюға болмайды, бірақ бұл шаралар олардың санын 90 пайызға дейін жою­ға және азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Жұмыс түнгі уақытта – сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін жүргізіледі және әр тур айына 20 күнге созылады. Барлығы өңдеу 6 тур бойынша өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақ­тарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және т. б. ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жұмысқа 150 дезинфектор, биолог-энтомолог, 120 моторлы-ранцты бүріккіш, термогенератор, дезинфекциялық машина, дезинфекциялық қондырғысы бар мотошасси жұмылдырылды.

Мамандардың мәлімдеуінше, дезинсекциялық іс-шараларды жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтау маңызды. Атап айтсақ, өңделетін орындарға бармаған және өңдеу кезінде терезелерді жапқан жөн.

Дезинсекциялық жұмыстар үшін құрамында хлорпирифос және малатион әсер етуші заты бар, адамдар мен жануарлар үшін қауіптілігі аз инсектицидтер қолданылады. Бұл препараттар Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат берілген тізілімге енгізілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды