Дезинсекция күн сайын жасалуда

0 9

Елордада маса, шіркей және басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекция жұмыстары күн сайын екі ауысыммен жасалуда. Биыл оның ауқымы кеңейді. Мәселен, аумақты масадан тазарту жоспары 20 пайызға, ал су қоймаларын тазарту жоспары 25 пайызға артты. Қазірге дейін масаға қарсы 230 млн шаршы метр аумақ залалсыздандырылды. Ауқымды жұмысқа энтомолог мамандар мен дезинсекторлар жұмылдырылды.– Бір маса орта есеппен 300-400-ге дейін құрт салады. Дезинсекция екі ауысыммен жүріп жатыр. Бірінші ауысым сағат таңғы 05.00-ден 12.00-ге дейін, ал екінші ауысым кешкі 20.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істейді. Біздің жұмысымыз масаны түбегейлі жоюды емес, санын азайтуды көздейді, – дейді дезинсектор Еркебұлан Жалғас.
Су айдындарын тазартуға ерекше мән беріледі. Жұмыс шыбын-шіркейдің көбейетін жерлері мен елорда айналасындағы қорғаныс тосқауылдарында жүреді. Сонымен бірге қаланың ішіндегі аулалар мен қоғамдық орындар (көшелер, сабақтар мен гүлзарлар) заласыздандырылады.
– Таяз су айдындарын өңдеудің екінші кезеңін бастадық. Қазірдің өзінде 400 гектар тазартылды. Бұл масалардың дернәсіл түрінде су айдындарынан ұшып кетуіне жол бермеу үшін жасалады, – дейді «Астаналық дезинфекция» ЖШС Сарыарқа ауданы бойынша меңгерушісі Антонина Маслова.
Мамандар маса мен шіркейге қарсы мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары, сауда үйлері аумақтарын дер кезінде дезинсекциялау маңызды екенін айтады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + twelve =