ДЕВАЛЬВАЦИЯҒА НЕГІЗ ЖОҚ

0 123

a529d713ae69f949b52dce28c3a17bdeҚайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

Теңгенің тағы да құнсыздануы мүмкін деген сөз кезекті жалған ақпарат қана. Мұндай өсек-аяң 2009-2014 жылдар аралығында жылына шамамен 13 рет айтылып келеді. Сондықтан осындаймен айналысатын арнайы алаяқтар тобы бар екенін, олардың мақсаты халық арасында түсініспеушілік туғызу екенін білу керек.
Қазір мұнайдың бағасы жоғары болып тұр. Рубль де күшейіп келеді. Дегенмен рубль ең төмен шегіне дейін құнсызданып кетсе де, бізге ешқандай қауіп төнбейді. Менің ойымша, біздің теңгеміздің құны жеткілікті дәрежеде қорғалған. Егер 2012 жылы Ұлттық банктің ішкі резерві 28 млрд доллар болса, 2013 жылы ол 24 млрд долларға түсіп қалды. Ал 2014 жылдың 21 мамырында ол қайтадан 2012 жылғы деңгейіне көтеріліп, 28 млрд доллар болды. Яғни ешқандай девальвацияға негіз жоқ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + 16 =