Дертті жеңген дәрігерлер

0 32

Коронавирус инфекциясы бар соңғы науқас Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық ауруханадан шығарылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес бұл госпиталь уақытша провизорлық аурухана есебінде коронавирустық инфекцияға күдігі бар науқастарды тексеруге және емдеуге ауыстырылған еді.

Емдеу орнына эпидемия кезіндегі жеті апта ішінде ковид-19 симптомымен 730 науқас түсті, оның ішінде нәтижесі оң 335 пациент өзге ауруханаларға жіберілді, қалғандарының бәрі емделіп, сауығып шықты. Бірде-бір өлім оқиғасы болған жоқ. Мұндағы науқастардың да жасы әртүрлі, яғни 18 бен 90 жас аралығында. Жақында аурухананың медициналық қызметкерлерінің білікті әрі қажырлы еңбегінің арқасында 68 жастағы қала тұрғыны Кенжетай Кожеков дертінен толық сауықты.
Емдеу орнында соңғы науқас емделіп шыққан соң, дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Осыдан кейін аурухана бұрынғы профиліне сәйкес жұмысын қайта бастайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − four =