Деректі фильмдер апталығы

0 92

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде осы оқу орны мен «Қазақфильм» АҚ-ның бірлесе ұйымдастыруы негізінде «Замандас келбеті» атты деректі фильмдер апталығының ашылу рәсімі өтті.

Шараға Мәдениет және ақпарат ми­нистр­лігі, Білім және ғылым министр­лігі өкілдері мен бір топ депутаттар, БАҚ басшылары және Астананың зиялы қауым өкілдері келіп қатысты.

Енді апта бойы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің №5 «Студенттер үйі» кинотеатрында фильм кейіпкерлерінің қатысуымен «Руханият сардары», «Шерхан Мұртаза», «Академик Ормантаев», «Парасат әуендері», «Шәмші» сынды деректі туындылар көрермен назарына ұсынылмақ.

Әйгерім ЕСМАҒАНБЕТОВА,
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + seventeen =