ДЕР КЕЗІНДЕГІ ДЕЗИНСЕКЦИЯ

0 114

дезинсекциялық жұмыстар

Елордада 30 күнге созылған дезинсекциялық жұмыстардың кезекті кезеңі аяқталды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесіне орай Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен қоса жалпы аумағы 721,8 га жер, 4 қалалық саябақ, Есіл өзенінің жағалауы және 14 қонақ үй кешені мен адамдар көп жүретін 19 аумақ тегістей өңделді.

Департамент қызметкерлерінің айтуынша, дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуге тиімді уақыт – сәуір-қыркүйек айлары. Сонымен қатар, елордалық тұрғындар мен қала қонақтарына қолайсыздық тудырмас үшін өңдеу жұмыстары түнгі уақытта өткізіледі. Жұмыстың жөнімен атқарылуы үшін алдымен масалар көбейетін жерлер анықталады, содан кейін өңделеді және қорғаныс тосқауылы орнатылады. Бұдан бөлек, қаладағы тұрғын алаптарына шыбын-шіркейлердің тарауын болдырмау мақсатында тұрғын үй секторларында дезинсекция жұмыстары қолға алынды.

Ал этномологтар өңдеу жұмыстарын қажет ететін аудандарды анықтау үшін күн сайын мониторинг жүргізіп отырады. Мамандардың айтуынша, осы жолы масалардың көбеюін бақылау қиынға соғатын түрі бар. Ведомство өңдеудің келесі кезеңін жауын-шашынның және күшті желдің соғуына байланысты тоқтатуға мәжбүр.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 4 =