ДЕНСАУЛЫҚҚА ДЕН ҚОЮ ҚАЖЕТ

0 99

Астана қаласының психикалық денсаулық проблемалары орталығының ұжымы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын талдап, еліміздің әлеуметтік саясатының басымдық бағыттарымен танысты.

365 орындық аурухана мен емханадан тұратын орталықта алпысқа тарта білікті дәрігер, жүзге жуық орта медициналық қызметкерлер еңбек етеді. Со­нымен қатар, күндізгі стационар жұмыс істейді.

«Елбасы мақаласында жан-жақты қамтылған мәселелердің, өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы жайындағы тұшымды ойлары бәрімізге қатысты. Бұл ретте «әрбір қазақстандық өзінен бастауы керек: өзінің үйінен, қаласынан, ауылынан бастауы, өзінің денсаулығы мен өмір сүру салты туралы ойлануы керек. Мұнсыз ешқандай жаңа өмір са­пасы орнамақ емес. Әрбір ауыл мен қала тазалықтың, көркеюдің, тәртіптіліктің үлгісіне айна­луы керек. Қолда барды сақтап, көбейте беру үшін әрбір қазақстандық еңбекқор әрі құнтты қожайын болуы жөн» деген жол­дар әрбір азаматтың ұстанымы болуы керек деп ойлаймын. Біздің ұжым да осы бағыттарды ескере отырып, өз жұмысын жандандыруда. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына деген жауапкершілікті әр дәрігер жақсы түсінеді. Адамның жанын емдесең, тәні де тез сауығады деген қағиданы берік ұстанып, саламат­ты өмір салтын насихаттаудан жалыққан емеспіз. Орталықта кітапхана, спорт алаңдары жұмыс істейді. Кәсіподақ жұмысы да жолға қойылған», – дейді орталық директоры Сәбит Әбдірайымов.

 Айгүл УАЙСОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 2 =