Денсаулыққа дем берілді

0 104

Бір жылдың ішінде еліміздегі стацио-нарлар арқылы 2 млн 700 мыңнан астам адам өтеді. Бұл ақпаратты ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлімдеді. 

Баяндамашы еліміздің денсаулық сақтау саласының жұмысын жыл сайын дамып әрі мемлекет бюджетінен аталған салаға бөлініп отырған қаржының жай-жапсарын айтып берді. Айтуынша, бір жылдың ішінде еліміздегі стационарлар арқылы 2 млн 700 мыңнан астам адам өтеді. Яғни, еліміздің стационарларда күн сайын 7 мың 540 адам ем алады. Сондай-ақ, жыл сайын ауруханаларда 713 мың ота жасалып, 277 мыңнан астам әйел босанады екен. Сәйкесінше, күн сайын еліміздің перзентханаларында 1 035 әйел сәбиін дүниеге әкеледі.

– Бір жылда еліміздің халқы жедел-жәрдем көлігін 6 млн 175 мың мәрте шақырады. Атап айтқанда, күн сайын жедел-жәрдем көлігі 16 мың 900 рет шақырылады екен. Бұл денсаулық сақтау жүйесінде атқарылатын ауқымды жұмыстардың бір парасы, – деді вице-министр өз сөзінде.

Айнұр ШОШАЕВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − fifteen =