Денсаулық жарысында – дәрігерлер

0 85

Астана қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында дәрігерлер ұжымы өздері бастама көтеріп «Денсаулық күні» спорттық-сауықтыру мерекесін өткізді. Жарыстар емдеу мекемесінің ашық алаңында өтті.

Мекеменің кәсіподақ ұйымдастырған шараға дәрігерлер, медбикелер. инженерлік-қызмет көрсету бөлімшелерінің мамандары түгелдей қатысты. Әр бөлімше өздерінің ұрандарын, көрнекті құралдарын алып шықты. Ал жарыстар бағдарламасында жеңіл атлетика эстафетасы, шахмат, теннис, кір тасын көтеру, арқан тарту спорт түрлері енгізілді.

Өте тартысты әрі қызықты өткен жарыстардың жеңімпаздарына институт директорының клиникалық жұмыстар бойынша орынбасары Ш.Баймағамбетов пен кәсіподақ комитетінің жетекшісі К.Оралова дипломдар мен сыйлықтар табыс етті. Ең бастысы, дәрігерлер қауымы ауруханада емделіп жатқан науқастардың алдында саламатты өмір салтының өнегесін көрсете білді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 14 =