Денсаулық сақтаудың сарбазымыз

Алтыншаш Табулдина, №5 емхананың бас дәрігері, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты:

0 25

– 8 наурыз – Халықаралық ­әйелдер мерекесі күні дәрігер ­әйелдерге зор алғыс айтамын. Қай кезде де олардың қоғамдағы рөлі ерекше. Ал қазіргі кезде бұрын әлемге белгісіз болып келген COVID -19 вирусы шартарапқа тарап жатқанда нәзік жандылар – дәрігерлер, медбикелер, санитарлық дәрігерлер өздерінің денсаулығын қатерге тіге отырып, міндеттерін адал атқаруда. Вирустың Қазақстанда таралу қаупі күшейген тұста қоғамның медициналық қызметкерлердің індетке қарсы тұра алу қабілеті мен біліктілігіне аса назар аударатыны түсінікті. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласына қауіпті аймақтардан келушілер әуежайдан түскеннен бастап тұрақты бақылауға алынған. Ондай жандарға дер кезінде кәсіби қызмет көрсету үшін медқыз­меткерлер, өздерінің күнделікті міндеттерінен басқа, арнайы оқудан өтіп, қосымша кезекшілік атқаруда.
Медициналық ұйымдардың әрбір басшысы өз қызметкерлерін психологиялық тұрғыдан даяр­лау­да және төтенше жағдайларға сақадай сай болуын қамтамасыз етуде. Әлбетте, менің қызметкерлерімнің көңілінде алаң бар, бірақ ең бастысы олардың ұлт саулығы үшін бастарын қатерге тігуге әзір екенін көремін. Біз міндетімізді орындай отырып, саналы түрде құрбандыққа барамыз және бұл – танымалдықты арттырудың амалы емес, біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі. Осы тұрғыдан алғанда, дәрігерлер денсаулық сақтау қызметінде тұрған сарбаздар сияқты. Апат кезінде олардан бұйрықты орындауы, ал қажет болатын болса жандарын пида ету күтіледі. Қалыптасқан жағдайға байланыс­ты мен елдің алаңдаушылығын түсінемін. Дәрігерлер індет таралу жағдайында көп жағдайдың өздеріне байланысты екенін түсінеді. Сіздердің қолдарыңыздан көп нәрсе келеді. Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер, қыз-келіншектер!

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − six =