Денсаулық сақтау саласына көңіл бөлінген

Жолдау: Жаңа міндеттер

0 27

Дәрігерлер қауымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айтылған денсаулық сақтау саласы мен медициналық инфрақұрылымды дамыту, кадр тапшылығы, медициналық қызметкерлердің жалақысын арттыру мәселелеріне тоқталды.– Денсаулық сақтау саласы мен медициналық инфрақұрылымды дамыту сұрақтарына Мемлекет басшысы аса назар аударды. Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды қадағалау, аурудың өршуіне жол бермеу, халықты дәрі-дәрмекпен қамту және медицина мамандарын даярлау мен оқыту маңызды бағыттарға тоқталды. Президенттің бұл тапсырмаларын орындау мақсатында, халыққа сапалы әрі тиімді медициналық көмек көрсету үшін елорда әкімдігі бірқатар жұмыс атқарып жатыр, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалалық медициналық ұйымдар басшыларымен және басқарма ұжымымен өткен талқылау барысында.
№1 Көпсалалы қалалық ауруханаға негізінде 250 төсек-орынға арналған акушерлік блок салынады. Қазірде оның эскиз жобасы мақұлданып, қажетті технологиялық және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі әзірленуде. Аталмыш мекеменің құрылысын 2023 жылда аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 2020 жылы Сарыарқа мен Байқоңыр аудандарында 2 жаңа ірі емхананың жобасы мен құрылысы басталды. Есіл және Алматы аудандарында мұндай нысандардың құрылысына жеке инвес­торлар да қызығушылық танытып отыр. Нысандар 2022-2023 жылдары пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 800 орындық университеттік көпсалалы аурухананың құрылысы жалғасуда. №3 көпбейінді қалалық аурухананың клиникалық және босану бөлімшелерін салу мен қайта жаңартудың тұжырымдамасы әзірленді.
Өкінішке қарай, кадр тапшылығы елордалық медицинада айқын байқалып тұр. Алайда мәселені шешу жолдары үнемі қарастырылып келеді.
Бірнеше жыл ішінде алғаш рет медициналық қызметкерлерді 21 сұранысқа ие мамандықтар бойынша резидентурада оқытуға 551,3 миллион теңге бөлінді (287 грант). Қазіргі уақытта осы мамандықтарға 274 адам білім алуда. Медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 250 әлеуметтік тапсырыс орнына гранттар бөлінді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × one =