«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Денсаулық сақтау саласы жетілдіріледі

0 157

Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынның басында «Астана – адалдық алаңы» кеңсе-жобасы жетекшісі Жазира Жылқышиева сөз алып, жаңа жобаны таныстырды.

Баяндамашы медицина саласындағы әкімшілік кедергілерді жою, қоғамдық бақылауды кеңейту сияқты мәселелерге көңіл бөліп, қала тұрғындарына қолжетімді, қызмет сапасын ұсыну қажеттігін ортаға салды.
– Ойлаған мақсатымызға қол жеткізу үшін алдымен халыққа қолайлы, кедергісіз жағдай жасау керек. Бұл істе қызметкерлердің еңбекақысын көтеру, басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру, қоғамдық бақылау, мемлекеттік сатып алудың ашықтығы – қоғамдағы жемқорлық деңгейін төмендетеді. Өздеріңізден осы міндетке қатысты нақты іс-жоспарларыңыз бен ұсыныс-пікірлеріңізді күтеміз, – деді Жазира Жылқышиева.
Жиынның екінші бөлігінде Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Мұқышева ахуалға шолу жасады. Бүгінде астаналықтарға жүзден астам медициналық мекеме қызмет көрсетеді. Оның ішінде басқармаға қарасты 16 қалалық
амбулаториялық-емханалық ұйым, 7 стационарлық медициналық мекеме, 3 перинаталдық орталық, 4 арнаулы диспансер және 9 республикалық ғылыми орталықтар бар. Бұл салаға 11 мыңнан астам медицина қызметкерлері жұмылдырылған. Емдеу орындарына қаралудың, дәрігер қабылдауына тіркелудің жолдары жетілдіріліп, мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасалуда.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды