ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ АХУАЛЫ – ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

0 79

Мәслихаттың кезекті сессиясында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселесі қарастырылмақшы. Осыған орай, халық қалаулылары елорданың бірнеше емдеу мекемелерінде болып, олардың жұмысымен танысты.

Көргеніміздей, Астананың №1 қалалық ауруханасы мен №2 қалалық балалар ауруханасы, онкологиялық диспансер, №5 қалалық емхана мен №2 қалалық аурухана тұрғындарға шұғыл және жоспарлы түрде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін заманауи бірегей жабдықтармен жоғары деңгейде жарақтандырылған. Онкологиялық диспансердің радиология және сәулелік диагностика, скринингтік тексеру және амбулаторлық химиотерапия бөлімшелерінде емдеудің инновациялық әдістері мен озық технологиялары пайдаланылса, №5 қалалық емханада электронды кезекке тұру енгізілуде.

Қалалық клиникалардағы басқа да оң өзгерістер туралы кеңірек мақаланы газетіміздің алдағы сандарынан оқитын боласыздар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + nineteen =