«ДЕНСАУЛЫҚ ДҮҢГІРШЕКТЕРІ»

0 112

arterial-pressure

Еуропа мемлекеттерінде «Денсаулық дүңгіршектері» деген бар. Онда жолай өтіп бара жатқан кез келген адам бойын өлшеп, дене салмағы индексін біле алады. Тіпті, қан қысымы қаншалықты екенін тексеріп, температурасын өлшейді. Енді мұндай дүңгіршектер Астанада да пайда болмақ.

Астана қаласының astana.gov.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, мұндай дүңгіршектер арқылы дәрігер­лердің қабылдауына да жазылуға болады екен.

«Денсаулық дүңгіршектері» қаланың ірі сауда орталық­тарында қойылады. Шет мем­лекеттердің тәжірибесі осындай дүңгіршектердің қандай да бір сырқаттың алдын алуға айтарлықтай көмектесетінін көрсеткен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − six =