«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Денис Теннің мұз айдыны

0 340

Бүгін Астана қаласында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған D10 WORLD (Ди Тен Уорлд) көрмесі өз жұмысын бастады.

Көрменің ашылуына Денис Теннің отбасы мүшелері, оның достары, әріптестері, белгілі қазақстандық спортшылар қатысты.
Көрме орналасқан «MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығының екінші қабатындағы, жалпы ауданы 400 шаршы метрден асатын аумақта авторлық фотожұмыстар, Денистің музыкасы және Олимпиада чемпионына тиесілі заттардан құралған «Мұз айдыны әлемі» қарсы алады. Сонымен қатар көрмеде спортшыны атаулы іс-шараларда түсірген түрлі авторлардың суреттері және әріптестері мен достарының бейне жобасы ұсынылған».
Бұл шара спортшының жақындары мен туыстары құрған «Денис Тен Қоры» бастамасы бойынша ұйым­дастырылды.
Оның мақсаты – Денис Тен атындағы спорттық-білім беру бағдарламасын ұйымдастыра отырып, Қазақстанның мәнерлеп сырғанау өнерінің, әсіресе, балалар мен жастардың арасында дамуына үлкен үлес қосу болып табылады.
Сонымен қатар Қордың жұмысы дарынды жастарды қолдауға, мәдени, білім беру, спорттық және әлеуметтік жобаларды дамытуға бағытталатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды