Денис Тенге арналған турнир

0 11

28-31 қазан аралығында «Барыс Арена» спорт кешенінде Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі өтеді.

Olympics: Figure Skating-Men Free Skating

Турнир «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Биыл жарысқа 20 елден 100 спортшы қатысады, олардың ішінде 2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері және Пекин-2022 Олимпиада ойындарында бақ сынайтын үздіктер де бар. Жарыс ересектер мен жасөспірімдер арасында жеке және жұптық сырғанау, мұзда билеу түрлері бойынша өткізіледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 3 =