ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ

0 116

rzmC2wnGWh0a3HNBaaOEMlQ0ONFj15

Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екендігін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Міне, осы мерейлі межеге биыл 19 жыл толып отыр. Жыл сайын бұл мемлекеттік мерекені атап өту – Негізгі заңға деген құрметімізбен қатар, өзіміздің таңдауымызға, өзімізге деген құрмет.

Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтап, еліміздің әрбір азаматының бақытты өмір сүруін қамтамасыз ететін Ата заң – елдің қорғаны. Негізгі заңда барша қазақстандықтарға түсінікті де етене ортақ құндылықтар нақты заң тілімен баяндалған. Халықтың бірлігі – бұл ең алдымен мемлекеттік институттардың бірлігі. Ал­тын заңымыздың 34-бабында: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауды, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абырой мен ар-намысын құр­меттеуге міндетті» деп көр­сетілген. Өзінің құқықтары мен бостандықтары Ата заң­мен қорғалатындығын және ол мемлекеттің мүддесінен шығып отырған дүние екендігін әрбір ел азаматы бес саусақтай білуі тиіс. Өйткені, адамның өз құқыларын білуі және оны қажетті жерде қорғай алуы, яғ­ни, құқықтық сауаттылықтың болуы – зайырлы қоғамның бас­ты талаптарының бірі.

Мемлекетіміздің Конституциясы қоғамның дамуы үшін жағдайлар жасап қана қоймай, елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдері үшін тең құқық берді. Осы орайда, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың құқықтық мемлекет құрудағы ерен ең­бегін атап айту керек. Ата заңымыздың әрбір бабы көз қарашығындай сақталып, мүлтіксіз орындалуына ел Президенті кепіл болып келеді. «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мем­лекеттіліктің табысты дамуы­ның және қоғамдағы аза­маттық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен бар­лығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзі­міздің елімізді, өзіміздің тари­хымызды, өзіміздің жетіс­тік­терімізді қалай құр­меттесек, оны да солай аялауымыз керек. Конс­титуцияны сыйлай біл­месек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәр­тіпке, бейбітшілікке және ты­ныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі бо­лашағы туралы айтудың да қажеті жоқ» деген тұңғыш Президентіміз.

Ғасырлар бойы қалып­тас­қан адамзат баласының жалпы құн­дылықтарын өз бойы­на сіңір­ген Конституция­мызда адамдардың табиғи құқылары мен бостан­дық­тары, билік институттарын демократиялық жолмен қа­лыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында аза­мат­тық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған про­грес­сивті идеялар бекітілді. Сол арқылы еліміздің барлық аза­маттарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасалды.

Бүгінгі таңда біз әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және саяси өмірдегі реформа­ларды жүргізуде Конституция нормалары мен принцип­терінің дұрыстығына көз жеткізіп отырмыз. Бұлай дей­тінім, әлгінде атап өткенімдей, небір алмағайып заманды бастан кешірген бабаларымыз ұрпа­ғының тәуелсіздігі жолында қасықтай қанын төгіп, шыбындай жанын беріп, еш аянған жоқ. Олар елі азат, жері тұтас қуатты мемлекет құруды, Жерұйықта ғұмыр кешуді аңсады.

Аумағы ұшқан құстың қанатымен, жер апшысы қуырған тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де келісті өлкені мекендеген қазақ халқының егемендігінің кепілдігі іспеттес Конституциямыз өміршең болып, Көк туымыз көкте желбірей берсін!

Қанат МУСИН,
Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + one =