ДЕМІКПЕНІ ДЕР КЕЗІНДЕ ЕМДЕҢІЗ

0 124

№1 қалалық ауруханасында Дүниежүзілік бронх демік­песі күніне арналған «Сіз демікпені қадағалай аласыз ба?» деген тақырыпта шеберлік сыныбы өтті. Жиында пульмонолог дәрігерлер елордада аталған ауру түрімен ауыратын науқастарға ақыл-кеңестерін айтты.

54

Бүгінде жер шарындағы халықтың 15 пайызы бронх демік­песімен ауыратыны белгілі болып отыр. Сондай-ақ, Астанада аталған аурудың түрімен ауыратын науқастардың саны өсіп келе жатыр. Пульмонология бөлімінің меңгерушісі Салтанат Қалмұрзаеваның айтуынша, №1 қалалық ауруханасы соңғы 4 жылдан бері осыған байланыс­ты семинар өткізіп келеді.

– Негізінен, демікпе ауруы аллергиядан пайда болып жатады. Соңғы кездері аталған аурумен үлкендер ғана емес, сонымен қатар, жастар да ауыра бастады. Біздің дәрігерлер науқастарға бронх демікпесінен қалай сақтанып, күтіну керек екені туралы ақыл-кеңес береді. Демікпе созылмалы ауру болғандықтан, одан құлан-таза айығып кету қиын болып саналады. Бірақ арнайы науқасты бақылауға алса, оның қаупін сейілтуге болады. Кезінде аталған ауруды асқындырып алған кейбір адамдар қайтыс болып жататын. Алайда тегін дәрі-дәрмек пен ингалятор берілгеннен кейін демікпеден келетін қауіп сейілді, – дейді ол.

Дәрігер жаздан бастап күз мезгіліне дейін бронх демікпесімен ауыратын науқастардың жағ­дайы ауырлайтынын айтады. Сондықтан да ол аталған кезеңдерде науқастар дұрыстап ем алып, күтінгені абзал деген кеңес береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 2 =