Демеушілік – депутаттан

0 138

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясына халық қалаулылары да үн қосуда. Осылайша,­ жаңа оқу жылы қарсаңында қалалық мәслихат депутаты Есенжол Бекішев №4 қазақ мектеп-гимназиясының оқушыларына демеушілік көмек көрсетті.

Дәстүрге айналған қайырымдылық шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отба­сы­лардың балалары мектепке­ қажет­ті­ құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Мәселен, Мирас пен Олжас Секербаев­тар, Диас пен Гүлнұр Әкба­ров­тар жалғызілікті ананың балалары болса, Дана мен Дина Жәнібековалар, Нұржан Әбілдин мен Құралай Нұрғожина аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатыр. Ал, Әйгерім мен Файнұр Ерға­лие­ва­лар – тағдырдың тауқыметін тартқан жетімдер. Олардың жаңа оқу жылына қажетті барлық нәрсені бірдей сатып ала алмайтындықтары бел­гі­лі. Осыны ескерген халық қалаулысы өз округіндегі мектеп оқушыларын орта­лық­тағы «Артем» сауда үйіне ертіп апарып, өздері ұнатқан оқу құралдары мен спорт киімдерін, волей­бол добын сатып алуға мүмкіндік туғызды.

Дана мен Дина «Мектепке жол» акция­сына биыл бірінші рет қатысып отыр. Екеуі де оқу озаты. Отбасында олар­дан басқа тағы екі кішкентай бар. Олар­дың әжесі Жұмакүл Әлімқұлова өз күш­те­рімен балаларды сабаққа дайындай алмай­тын­дарын, бүгінде бір баланың өзін киіндіру оңай емес екенін айтып, қамқорлыққа зәру балаларға жәрдемдесіп, немерелеріне оқу құралдарын сатып алып беріп жатқаны үшін Есенжол Түскенұлына ризашылығын білдірді.

Ал, №4 қазақ мектеп-гимназиясының 9«ә» сыныбында оқитын Әйгерім Ерға­лие­ва аталмыш акция аясында бұрын да осындай көмек алған екен. Өзі әже­сінің қолында тұратын ол жалғыз асы­рау­шы­сы­ның мардымсыз зейнетақысы мектепке қажетті, өзіне ұнаған заттарды сатып алуына жетіңкіремейтінін, сондықтан кез келген бір зат сатып аларда алдымен оның бағасына қарайтынын, ал бүгін тек өзіне ұнайтындарын таңдап алып жүргенін жасыр­мады. Қайырымды жанның қамқор­лы­ғы арқасында әдемі рюкзактарды асынып, оның ішін өзде­рі­нің­ сүйікті оқу құралдарына толтырған балақайлардың қуанышында шек жоқ. Жүздері бал-бұл жанып тұр. Депу­тат­ ағалары сатып әперген заттарды бір-біріне көрсетіп мәз. Қамкөңіл бала­қай­лар­дың қуаныштары ұзағынан болғай!

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =