Демалыс күндеріне локдаун енгізілді

0 19

Елордада коронавирус ауруының күрт өсуіне байланысты 17 шілдеден бастап карантиндік шаралар күшейтілді. Демалыс күндеріне локдаун енгізілді.Жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану нысандары – дәмханалардың, мейрамханалардың, кофеханалардың жұмыс режимі қысқартылды, олар келушілерді дүйсенбі-жұма күндері таңғы 7-ден 17.00-ге дейін қабылдайтын болады. Ashyq жобасымен жұмыс істейтін мекемелерге дүйсенбі-жұма аралығында сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Ал демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Демалыс күндері сауда, ойын-сауық орталықтарының, театрлардың, компьютерлік клубтардың және т. б. жұмысына тыйым салынады. Азық-түлік сататын және сатпайтын базарлардың жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі аралыққа белгіленген. Жаңа қаулы 2021 жылы 17 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енеді. Қатаң карантиндік шектеулердің енгізілуіне COVID-19 індетінің белең алуы себеп болып отыр. Қазір пандемияны тоқтатудың және өмірдің бұрынғы қалпына оралудың жалғыз тиімді әдісі – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Елордада 100-ге жуық егу пункті БМСК мекемелерінде, ірі сауда үйлері мен СОО-ларда орналасқан. Олардың кез келгенінде вакцина алуға болады. Қала тұрғындары азаматтық ұстанымын көрсетіп, вакцина алуда белсенділік танытуы керек. Себебі адам денсаулығы тікелей осыған байланысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 2 =