Демалыс күндері жұмыс істемейді

0 26

Елордада санитарлық дәрігердің карантинді қатайту шаралары туралы қаулысы күшіне енді. Індеттің өршуіне байланысты бірқатар нысандардың жұмыс тәртібі қысқарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада сұлулық салондары, шаштараздар, «барбер шоптар» дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл жағдайда келушілерді қабылдау қатаң түрде алдын-ала жазылу арқылы жүргізілуі керек.
Сонымен қатар қалада бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмыс тәртібі қысқартылды. Осылайша, «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтарға, спорт нысандарына, бассейндерге, сауналарға, СПА-орталықтарға сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
«Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын ұйымдастыру күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істей алады.
Карантинді қатаңдату – елордадағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай мен індеттің өршуіне байланысты мәжбүрлі шара. Қаулы ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес қабылданды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + nine =